354

Атырауда мектептегі жанжалдан кейін жоғалып кеткен 10-сынып оқушысы табылды

Мектептегі кикілжіңнен соң үйден кеткен оқушы аман-есен табылды.

Атырауда мектептегі жанжалдан кейін жоғалып кеткен 10-сынып оқушысы табылды
azh.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қаласында мектептегі жанжалдан кейін жоғалып кеткен 10-сынып оқушысы табылып, ата-анасына тапсырылды. Бұл туралы Атырау облысының полиция департаменті хабарлады.

Полицияның мәліметінше, 24 ақпан күні кешке қала тұрғыны құқық қорғау органдарына жүгініп, 15 жастағы қызының бірнеше сағат бұрын үйден шығып, қайта оралмағанын хабарлаған.

Ведомство дереу іздестіру шараларын бастаған.

«Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмаған қыздың жүрген жері анықталды. Ол ата-анасына тапсырылды. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр», – делінген хабарламада. 

Материал авторы