Оралда блогер әкімдерден ақша бопсалаған
Әкімдер мен шенеуніктерден ақша талап еткен блогерге жаза кесілді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орал қаласында блогерлердің шенеуніктерден ақша бопсалауына қатысты кезекті іс бойынша үкім шықты. Қалалық сот 43 жастағы блогер Айболат Бөкеновті алаяқтық, бопсалау және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік колониясында 3 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Мой Город басылымы жазды.
Тергеу нұсқасына сәйкес, блогер әлеуметтік желіде билікті сынау арқылы аудитория жинап, кейін сол жарияланымдарды өшіру үшін «көмек» ұсынған және ақша талап еткен. Іс бойынша жәбірленуші ретінде Батыс Қазақстан облысының бірнеше аудан әкімі, бірқатар мемлекеттік қызметкер мен депутат танылған.
Айыптау тарапы алынған қаржының бір бөлігі құмар ойындарына жұмсалғанын мәлімдеді. Жәбірленушілердің барлығы келтірілген залалды өндіру жөнінде азаматтық талап арыз түсірген.
Сот барысында Букенов кінәсін толық мойындап, процессуалдық келісімге келгенін және алынған қаражатты қайтаруға уәде берген. Тергеу кезінде ол үйқамақта болған. Үкім жарияланған сәтте сот залында қамауға алынды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Материал авторы