Ұлытауда әйел адам шотына түскен 11 млн теңге үшін соттың алдынан бір шықты
Оның есепшоты арқылы 11 206 431 теңге аударылған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлытау облысында өз атына рәсімделген банк шоттарын үшінші тұлғаларға берген әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның есепшоттары арқылы 11,2 млн теңгеден астам қаржы айналымнан өткен. Облыстық соттардың ресми Telegram-арнасының мәліметінше, істі Ұлытау аудандық соты қараған.
Сотта анықталғандай, 2025 жылғы 18 қыркүйекте әйел әлеуметтік желідегі жарнама арқылы белгісіз адаммен байланыс орнатып, сыйақы алу мақсатында өз атына тіркелген банк шоттарын үшінші тұлғалардың пайдалануына берген.
Нәтижесінде оның атына ашылған банк қосымшалары арқылы жәбірленушілерден жалпы сомасы 11 206 431 теңгеаударылған.
Ал шоттарын «жалға бергені» үшін айыпталушы небәрі 61 431 теңге сыйақы алған.
Сот оны Қылмыстық кодекстің 232-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салды. Мүлік тәркіленген жоқ.
Материал авторы