Меруерт Түсіпбаева өзін телеарналар «қара тізімге» енгізгенін ашық айтты

Азиз Қалижан Редактор
26.02.2026, 12:23
275
Меруерт Түсіпбаева өзін телеарналар «қара тізімге» енгізгенін ашық айтты жеке парақшасынан

Теледидардан көрсетпесе атамнан әрі дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өзіне қатысты «қара тізім» мәселесін ашық айтып, телеарналардың эфирінен жүйелі түрде шеттетіліп жатқанын мәлімдеді.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, соңғы екі жылда ірі телеарналардан көрсетілмей жүргенін жеткізді. Әншінің айтуынша, ол бұған дейін әріптесі – Алмас Кішкенбаев жазған «қара тізім» туралы мәлімдемеден кейін өз жағдайын да ашық айтуға мәжбүр болған.

«Алмас Кішкенбаев қара тізім жайлы жазды. Мен бұл тақырыпты көтергім келмеген. Бірақ 2025-2026 жылдары мені Ұлттық арна мен Хабар сияқты екі ірі арнадан алып тастап жатыр. Жас әнші емеспін, жастарға жол берейін дедім. Бірақ шыдамның да шегі бар», – деп жазды ол.

Әншінің сөзінше, оны Алматыдан арнайы Астанаға шақырып, түсірілім ұйымдастырған. Алайда бірнеше сағатқа созылған жұмысқа қарамастан, дайын материал эфирге шықпай қалған.

Меруерт Түсіпбаева Хабар арнасының қызметкерлері оның «қара тізімде» екенін білмей, арнайы шақырғанын айтады.

«Бес ән орындадым. 8-9 оператор түсірді. Қанша адам еңбек етті, қанша уақыт, қанша энергия кетті, бірнеше рет киім ауыстырдым. Соңында – ештеңе жоқ. Эфирден көрсетілмеді. Одан кейін былтыр жыл соңында “Таңшолпан” бағдарламасы түсірді, ол да берілмеді», – деп жазды әнші.

Меруерт Түсіпбаева өзі қатысқан шығарылымның қашан жарық көретінін жауапты тұлғалардан бірнеше рет сұрағанымен, нақты жауап ала алмағанын айтты. Оның сөзінше, соңғы рет жүргізушіге жазған хабарламасына да жауап болмаған.

«Қайсысын айтайын?! Халқым аман болсын. Оқырмандарым аман болсын. Жоқ дегенде Баянауылдың тарихында қаламын. Жанға бататыны – уақытыңды, күшіңді сарп етесің, ал түсірілген дүние көрерменге жетпей қалады», – деп қынжылды ол.

Кейінгі жазбасында әнші өзін жағымпаздыққа жақын адам емес екенін де ашық мәлімдеді.

«Теледидардан көрсетпесе – атамнан әрі. Қайтемін, мен жағымпаздана алмаймын. Жақында сұхбат беріп, ақиқатты ашамын», – деді Меруерт Түсіпбаева.

Айта кетейік, бұған дейін Алмас Кішкенбаев та өзіне қатысты белгісіз адамдар оның атын ақпарат кеңістігінен «өшіруге» тырысып жүргенін айтып, «қара тізімде» жүргенін жариялаған болатын.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды