Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді – агенттік

26.04.2023, 10:36
939
Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді – агенттік smartnews.kz

Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит беруге тыйым салынады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бұл бағыттағы шектеулерге тоқталсақ, тек проблемалық несие болса, онда жаңа онлайн микрокредит алуға тыйым салынады. Елімізде несие алушылардың қатары не себепті өсіп отыр? Олардың банкте бір проблемалық несиесі болса, оны жабу үшін микроқаржы ұйымдарынан жаңа несие алады. Бұл тұрғыда проблемалық несиесі тіркелсе, жаңа кредит беруге тыйым салу туралы ұсыныс енгіздік», - деді Мәдина Әбілқасымова Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере олтырып.

Осы орайда ол бұл мәселе берілетін барлық несие түрлеріне қатысты болатынын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, микроқаржы ұйымдарына проблемалық кредиттер бойынша талап күшейтілуі мүмкін.

Биыл сәуір айының басында қазақстандықтардың мойнындағы проблемалық несие 12 млрд теңгеге артқаны мәлім болды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді