321

Шымкентте кішкентай қызға тиіскен ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Полиция бейнекамера жазбаларын тексеріп жатыр.

Шымкентте кішкентай қызға тиіскен ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Kazpravda.kz / Адильбек Тауекелов

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте кәмелетке толмаған қыз балаға тиісу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Otyrar.kz жазды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, полицияға әйел адам арыз түсіріп, оның жасөспірім қызына белгісіз ер адамның тиісқаны айтылған. Күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда:

– бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде;
– куәгерлерден жауап алынуда;
– жиналған материалдар мен уәждер тексеріліп, құқықтық баға берілуде.

Істің тергелу барысы Шымкент қалалық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған. Тергеу заң талаптарына қатаң сәйкес жүргізіліп жатыр.

Материал авторы