Шымкентте 7 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен мұғалім ұсталды
Бастауыш сынып оқушысына қатысты оқиға бойынша тергеу басталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласында 7 жастағы оқушы қызға қатысты заңсыз әрекет жасалды деген күдікпен мектеп мұғалімі тергеліп жатыр. Бұл туралы 7 канал жеткізді.
Оқиға 25 ақпанда оқу процесі кезінде болған. Баланың анасының айтуынша, қызы мектептен үйге көңіл күйі түсіп келген әрі өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Кейінірек ол мұғалімнің тарапынан өзіне қатысты орынсыз әрекеттер болғанын жеткізген.
Аталған дерек бойынша Шымкент қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелгенін ресми түрде растады.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар мен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтерді жария етпеді.
Материал авторы