Еліміздегі қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар – ІІМ

26.04.2023, 11:51
684
Еліміздегі қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар – ІІМ smartnews.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров елімізде қылмыстарды көбіне қандай санаттағы азаматтар жасайтынын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қылмыс деңгейіне 250-ден астам фактор әсер ететіні ғылыми дәлелденген. Олардың қатарында әлеуметтік, экономикалық, географиялық, көші-қон, табиғи, демографиялық және басқа да жағдайлар бар», - деп мәлім етті Ренат Зұлқайыров

Спикер ұсынған ақпаратқа сәйкес, мына санаттағы қазақстандықтар жиі қылмыс жасайды:

- қылмыскерлердің 80%-ы жұмыссыздар;

- жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың 47%-ын еш жерде жұмыс істемеген немесе оқымағандар жасайды;

- адамның жеке басына қатысты қылмыстардың 50%-ы мас күйде жасалады;

- елордада қылмыстың тең жартысын өзге аймақтардан келгендер жасайды.

Ренат Зұлқайыровтың мәлімдеуінше, бұл мәселелерді тек күш қолдану шараларымен шешу мүмкін емес. Сондықтан «Қоғаммен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» әзірленіп жатыр.

«4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады Трамптың баж салығының кесірінен Apple енді әлемдегі ең қымбат компания емес Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО) Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген бұрынғы депутаттың ұлы 22 жылға сотталды «Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінді Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауады «Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады Қазақ жігіт әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты «Халықты әбігерге салғанша, банктерді қысайық» – депутат Ермұрат Бәпи «Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті «Үй жанындағы» дүкен иелеріне жаңа салықтан қорқудың қажеті жоқ – Ұлттық экономика министрі Енді байларға да «сән-салтанат салығы» салынатын болады