348

Атыраудағы отбасының өліміне күдіктіні Индонезияда ұсталған сәтінен видео жарияланды

Сұлтан Сәрсемәлиев пен бұрынғы әйелі Индонезиядағы ауылдан қолға түсті.

Атыраудағы отбасының өліміне күдіктіні Индонезияда ұсталған сәтінен видео жарияланды
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында болған қос адам өлтіру дерегі бойынша күдіктінің Индонезияда ұсталған видеосы жарияланды. Операцияны Қазақстанның ІІМ қызметкерлері шетелдік әріптестерімен бірлесе жүргізген.

Мәліметке сүйенсек, ІІМ-нің Telegram-каналында көрсетілгендей, күдікті Сенару ауылында (Ломбок аралы, Индонезия) ұсталған. Оның бұрынғы әйелі де сол жерде анықталған.

Еске сала кетейік, қаңтардың басында Атырау облысының Жангелдин ауылында отбасы – ерлі-зайыптылар мен олардың ересек екі баласы – жоғалып кеткені белгілі болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша іздеуге: Мақсот Қарабалин, Нәсіп Өтешқалиева, Мирамгүл Қарабалина және Наурыз Мұқанғалиев енгізілген.

6 қаңтарда полиция ерлі-зайыптылардың мәйітін тапқанын хабарлады, ал олардың балаларын әлі таба алмай отыр. Ерлі-зайыптылардың денелерінен пышақ жарақатының іздері анықталған.

Кейін құқықтық статистика порталында күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты карточка жарияланып, ол мен бұрынғы әйелі халықаралық іздеуге жарияланған еді. Жақында Сенару ауылында күдікті және бұрынғы әйелі ұсталды, екеуіне де күдікті мәртебесі берілді. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор