208

Маңғыстауға қызғылт қоқиқаздар қайта оралды (ВИДЕО)

Өңірге көктеммен бірге қоқиқаз келді.

Маңғыстауға қызғылт қоқиқаздар қайта оралды (ВИДЕО)
instagram.com/azamat_sarsenbayev

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау өңіріне қызғылт Қоқиқазның алғашқы тобы қайта оралғанын хабарлады.

Блогердің айтуынша, құстар биыл да дәстүрлі көктемгі қоныс аудару бағытымен келіп, Маңғыстау облысы аумағында сәуір айының ортасына дейін болады. Осы кезеңнен кейін олар жұптасу және жұмыртқа салу үшін Қорғалжын бағытына ұшады.

Қоқиқазның алғашқы легі Ақтау маңында байқалған. Құстардың бейнесі жарияланған видео мен фотолар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, табиғат көрінісіне тәнті пікірлерге толды.

Блогер жыл сайын өңірдегі қоқиқаздың көктемгі көші-қонын бақылап, олардың қозғалысы мен уақытын тұрақты түрде тіркеп келеді.

Қызғылт қоқиқаз — Қазақстан аумағында маусымдық түрде ғана көрінетін құс түрі. Сондықтан олардың Маңғыстауға қайта оралуы өңір тұрғындары үшін көктемнің келгенін білдіретін ерекше белгі саналады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор