Германиядағы әлемдік жарыс жеңіске жеткен қазақ чемпионына ескі Әнұранды қосқан (ВИДЕО)
Әлем чемпионатындағы марапаттау рәсімінде өрескел қате орын алды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, конькиші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Алайда марапаттау рәсімі кезінде ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі Әнұранын қосып, спортшының тарихи жеңісіне көлеңке түсірді.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Германияның Инцелль қаласында өткен Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (конькимен жүгіру) аясында 500 метр қашықтықта жеңімпаз атанғаны белгілі болған.
Шешуші жарыста Кристина Шумекова мәреге 38,48 секундта жетіп, жеке рекордын жаңартты және әлем біріншілігінің алтын медалін иеленді.
Алайда марапаттау сәтінде күтпеген жайт болды. Спорт шолушысы Антон Бова өзінің YouTube-тағы SauBall жобасында ұйымдастырушылар Қазақстанның қазіргі ресми емес, бұрынғы Әнұранын қосып жібергенін мәлімдеді.
Трансляция кадрларынан жүлдегерлердің мінберде Әнұранды тыңдай бастағаны, алайда әуеннің қате екені анықталған сәт көрінеді. Кристина Шумекова рәсімді тоқтатпаған, бірақ жағдайды түсінбей тұрғанын қимыл-қозғалысымен аңғартқан.
Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.
Материал авторы