Иранда Әли Хаменеидің қаза тапқанына байланысты 40 күн аза тұту жарияланды
Хаменеи сенбі күні таңертеңгі шабуыл кезінде қаза тапқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, IRNA агенттігі Иранның жоғарғы діни әрі саяси басшысы — Әли Хаменеи қаза тапқанын хабарлады.
Иран мемлекеттік агенттігінің ресми хабарламасында Хаменеи сенбі, 28 ақпан күні таңертең жасалған шабуыл салдарынан мерт болғаны көрсетілген. Осыған байланысты Иран үкіметі ел аумағында 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, жеті күн мемлекеттік демалыс енгізетінін мәлімдеді.
Бұған дейін Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Иранның жоғарғы басшысы қаза тапқанын жазған болатын.
Оған дейін де Хаменеи өлтірілгені жөніндегі ақпараттар Израиль шенеуніктеріне сілтеме жасай отырып жарияланған.
Ресми деректерге сәйкес, сенбі күні Иран аумағында жасалған шабуылдар салдарынан жалпы 201 адам қаза тапқан.
Материал авторы