Атырауда полиция осы аптада үшінші рет бомба іздеді

26.04.2023, 13:41
566
Атырауда полиция осы аптада үшінші рет бомба іздеді smartnews.kz

Атырау полициясы осы аптада үшінші рет жарылғыш затты іздеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Атыраулық арнайы қызметтерге дүйсенбіден бері үшінші рет жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен.

Бүгін, 26 сәуірде арнайы қызмет өкілдері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне жарылғыш зат іздеп жатыр.

Осыған байланысты оқу корпустарынан оқытушылар мен студенттер қауіпсіз жерге шығарылды.

Бұған дейін 24 сәуірде АРЕС жоғары колледжіне де жарылғыш зат қойылғаны хабарланған еді.

Алайда, аталған оқу орнынан бомба табылған жоқ.

Сол күні кешкі мезгілде «Дина» сауда орталығынан жарылғыш зат іздеді. Бірақ, ақпарат жалған болып шыққан.

«Облыстық полиция департаментіне Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен қаладағы колледждердің бірінде күдік тудырған сөмке бар деген хабар түсті. Атыраулық полицейлер ақпаратты тексеру үшін ғимараттардағы адамдарды эвакуациялап, тексеру жүргізді. Ақпараттың жалған екендігі анықталды. Қазір тергеу амалдары басталып кетті. Айта кетейік, көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес жауапкершілік көзделген» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды