Израиль енді Ливандағы «Хезболла» нысандарына соққы бере бастады
Израиль Солтүстік бағыттағы атқылауға жауап ретінде Ливанға соққы берді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль қорғаныс армиясы Ливан аумағында «Хезболла» ұйымына тиесілі нысандарға соққы бере бастағанын мәлімдеді. Ресми ақпарат Израиль Сыртқы істер министрлігінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды.
Израиль тарапының хабарлауынша, соққылар елдің солтүстігіне жасалған шабуылдарға жауап ретінде жүзеге асырылып жатыр. Мәлімдемеде «Хезболланың» Иран режимінің мүддесі үшін әрекет ететіні және Израильдің бейбіт тұрғындарын атқылап отырғаны айтылған.
Израиль армиясының баспасөз қызметі әскери бөлімшелер «Арыстанның айбаты» операциясы аясында түрлі сценарийге алдын ала дайындалғанын және барлық бағытта әрекет етуге әзір екенін жеткізді.
Шабуылдар Ливан аумағында жүргізіліп жатыр. Кадрлар мен хабарламаларда ел астанасы — Бейрут маңындағы жағдай да көрсетілген.
Материал авторы