Шымкентте есірткі жарнамалаған күдікті қылмыс үстінде ұсталды
Полицейлер Шымкентте есірткі жарнамасын ұйымдастырған адамды ұстады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласында есірткі құралдарын насихаттауға және заңсыз жарнамалауға қатысы бар күдікті азамат қылмыс үстінде ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz порталы жазды.
Алдын ала дерекке сәйкес, күдікті биыл қаңтар айының басынан бері Шымкент аумағында тұрғын үйлердің қабырғалары мен қоршауларға есірткі сатумен айналысатын интернет-ресурстардың сілтемелері көрсетілген жазуларды жүйелі түрде жазып жүрген.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол мессенджерлер арқылы жұмыс істейтін заңсыз тарату арналарын жарнамалаған.
Күдікті кезекті жазуды салып жатқан сәтінде қолға түсті. Қазіргі таңда ол қамауға алынып, іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Материал авторы