344

Иранда АҚШ пен Израиль соққыларынан кемінде 555 адам қаза тапты

Елдің 131 округі шабуылға ұшыраған.

Иранда АҚШ пен Израиль соққыларынан кемінде 555 адам қаза тапты
AP Photo

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ирандағы гуманитарлық қызметтер АҚШ пен Израильдің соққыларынан кейін қаза тапқандар саны күрт артқанын мәлімдеді.

Иран Қызыл жарты ай қоғамы таратқан ақпаратқа сәйкес, ел аумағындағы 131 әкімшілік округ шабуылға ұшыраған. Алдын ала есеп бойынша, кемінде 555 адам қаза тапқан.

Қақтығыс шиеленісі Тегеран қаласын қоса алғанда, елдің бірқатар өңірін қамтыған.

Еске салайық, 28 ақпанда Израиль Иранға алдын ала соққы жасағанын мәлімдеп, елде төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұдан кейін Дональд Трамп АҚШ-тың Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын жариялаған.

Кейін Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары елдің жоғарғы рухани жетекшісі — Әли Хаменеи қаза тапқанын ресми түрде растады. Елде 40 күндік ұлттық аза тұту жарияланды.

Сонымен қатар Иран тарапы Қорғаныс кеңесінің хатшысы Әли Шамхани мен Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Ислам революциясы сақшылар корпусы басшысы Мохаммад Пакпур қаза болғанын растады. Бұдан бөлек, қорғаныс министрі мен Қарулы күштер бас штабының жетекшісі де көз жұмғаны хабарланды.

Материал авторы