Қаржы пирамидасын құрып, 1 млрд теңгені қалтасына басқан ақтөбелік сотталды

26.04.2023, 14:48
484
Қаржы пирамидасын құрып, 1 млрд теңгені қалтасына басқан ақтөбелік сотталды inform.kz

Ақтөбеде 192 адамнан 1 миллиард теңгеден астам ақша жинап алған қаржы пирамидасының басшысы сотталды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ақтөбе қаласының № 2 сотында аса ірі мөлшерде ақша жинап, қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық жасады деген айыппен іс қаралды.

Іс материалына сүйенсек, 1990 жылы туған сотталушы 2019 жылдың 01 желтоқсаны мен 2020 жылдың 22 ақпаны аралығында құқықбұзушылық жасады.

Барлығы 192 азаматтың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам ақшасын алған.

Сот отырысы кезінде салымшылардың шығыны 825 млн теңгеден асқаны белгілі болды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Сотта прокурор сотталушыға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

«Сот сотталушының шын жүректен өкінетінін, кәмелет жасқа толмаған баласын ескерді. Сот үкімімен сотталушы коммерциялық және қаржы ұйымдарында 7 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сонымен бірге 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.

Сонымен бірге жәбірленушілердің азаматтық арызы қанағаттандырылды. Олар 100 мың теңгеден бастап 12 млн теңгеге дейін ақша салған.

Алданып қалғандардың көбі Ақтөбе облысының тұрғындары болғанымен, Атырау, Алматы азаматтары да бар.

Сот сотталушының жалғыз баспанасын өзінде қалдырды. Ал шығынды өтеу үшін кеңсе ғимараты тәркіленді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады