Павлодарлық оқытушы қашықтан оқуды «жеңіс биімен» қарсы алып, желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)
Тарих пәнінің оқытушысы онлайн форматты ерекше видеолармен атап өткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда жоғары оқу орнының оқытушысы аязды күндердегі қашықтан оқыту кезеңін ерекше форматта атап өтіп, әлеуметтік желі қолданушыларының назарын өзіне аударды.
Қатты суыққа байланысты оқу процесі онлайн режимге ауысқан шақта, Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университеті тарих пәнінің оқытушысы әлеуметтік желіде қысқа видеолар сериясын жариялай бастаған.
Бейнематериалдарда педагог қашықтан оқыту форматына көшкенін «жеңіс биімен» бейнелеп, үйден сабақ беруге мүмкіндік туғанына шынайы қуанышын көрсеткен. Роликтер аяз күшейіп, онлайн оқу режимі сақталған күндердің барлығында дерлік үздіксіз жарияланып отырған.
Кадрларда оқытушының ауа райының қолайсыздығынан сыртқа шықпай, сабақты үйден өткізуге көшкеніне риза болған көңіл күйі анық байқалады. Дәл осы шынайылық желі қолданушыларының жылы реакциясын тудырды.
Әлеуметтік желіде жарияланған пікірлерде көпшілік оқытушының қашықтан оқуға студенттерден де артық қуанғанын әзілмен атап өтті. Қарапайым әрі жасандылықсыз түсірілген видеолар қысқа уақыт ішінде кең таралып, авторды жергілікті желі трендтеріне шығарды.
Материал авторы