310

Шымкент әкім күш қолданды деген күдікке ілікті (ВИДЕО)

Видеода футбол алаңында әкім басқа ер адамды ұрып жатқаны көрінеді.

Шымкент әкім күш қолданды деген күдікке ілікті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласында Қаратау ауданының әкіміне қатысты жанжал қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желіде тараған видеода Алмас Абаев футбол алаңында бір адамға күш қолданған сәтте бейнеленгені байқалады.

Кадрларда ер адамның өзге азаматты бірнеше рет тепкені және қолымен ұрғаны көрінеді. Алайда жанжалдың нақты неден басталғаны әзірге белгісіз.

Осы жағдайға байланысты Шымкент қаласының әкімдігі ресми түрде қызметтік тексеріс бастағанын хабарлады.

«Әлеуметтік желіде тараған бейнематериалда көрсетілген деректер расталған жағдайда, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Тексеріс қорытындысы қосымша жарияланатыны да нақтыланды.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының әкімі қызметіне Алмас Абаев өткен жылы тағайындалған. Ол бұл лауазымға ауданның бұрынғы басшысы алты жасар баланың қайғылы қазасына байланысты қызметтен кеткеннен кейін келген.

Қазір видеодағы оқиғаға құқықтық баға беру үшін ішкі тексеріс жүріп жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор