Жол апатында қаза тапқан қыздың отбасы Шавкат Рахмоновтың жұбайын кешірді

02.03.2026, 18:28
494
Жол апатында қаза тапқан қыздың отбасы Шавкат Рахмоновтың жұбайын кешірді SMARTNEWS.KZ коллажы

Шавкат Рахмоновтың әйелі күдікті деп табылған істе марқұмның туыстары айыпталушыны кешіргенін мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тараз қаласында жол-көлік апатына байланысты атышулы іс қаралып жатыр. Іске Қазақстанның аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы – Гүлайым Рахмонова қатысты.

Қайғылы оқиғада қаза тапқан қыздың отбасы сотта күтпеген мәлімдеме жасап, айыпталушыны кешіргенін айтты.

Марқұмның әкесінің айтуынша, апат болған күні отбасы Алматыда үйінде отырған. Қайғылы жағдай таңертең болғанымен, қаралы хабар кешке қарай ғана жеткен.

«Сол күні үйімізге Гүлайым Рахмонованың туыстары мен екінші қаза болған әйелдің анасы келді. Кешірім сұрады. Отырып, бірге жыладық», – дейді марқұмның әкесі.

Оның сөзінше, айыпталушы тарап мәйітті Жамбыл облысы аумағынан жеткізуге көмектескен әрі жерлеу рәсіміне байланысты шығындардың бір бөлігін өз мойнына алған.

Марқұмның әкесі қызының сол күні жолға шығатынын білмегенін де айтты. Ол сотта айыпталушыны кешіргенін ашық мәлімдеді.

«Бұл – жол. Онда не болатынын ешкім болжай алмайды», – деді ол.

Қаза тапқан әйелден 2006 жылы туған ұлы қалған.

Еске салайық, 2025 жылдың жазында Жамбыл облысында ауыр жол апаты болғаны туралы ақпарат тараған еді. Рөлде Шавкат Рахмоновтың жұбайы отырғаны хабарланды.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, Гүлайым Рахмонова ұлы және құрбыларымен Қарағандыдан Алматыға бағыт алған. Алматы – Екатеринбург тасжолының 296-шақырымында Toyota Land Cruiser көлігі аударылған.

Апат салдарынан 39 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушы (35 жаста) ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Гүлайым Рахмонова мен оның ұлы медициналық мекемеге жеткізілген.

Прокуратура дерегінше, айыпталушы көлікті түні бойы өзі басқарған, қатты шаршағанына қарамастан рөлді басқа адамға тапсырмаған. Салдарынан көлікті басқарудан айырылып, жол қоршауына соғылып, қарсы бағыт жолағына шығып кеткен.

Құрбысы оқиға орнында қаза тапса, әпкесі жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

Сот отырысында Гүлайым Рахмонова өз кінәсін мойындамай, соттан ұстанымына түсіністікпен қарауды сұрады. Ол жақындарын жоғалтқанын айтып, бұл жағдайды өзі де ауыр қабылдап отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, биыл қаңтар айының соңында іс сотқа жолданған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды