«Бір жарым келі қырыққабат үшін»: Алматыда зейнеткерге айыппұл салған полицейлердің әрекеті тексеріледі

Аиса Махамбет Редактор
03.03.2026, 10:49
354
«Бір жарым келі қырыққабат үшін»: Алматыда зейнеткерге айыппұл салған полицейлердің әрекеті тексеріледі бейнежазбадан

Әділдік сұрап жылаған зейнеткер жұрттың жүрегін елжіретті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда зейнеткер әйелге қатысты полиция қызметкерлерінің әрекеті қоғамда қызу пікірталас тудырды. Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін бұл жағдайға құқық қорғау органдары ресми түсініктеме берді.

Желіде жарияланған видеода зейнеткердің әкімшілік құқық бұзушылық үшін ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгені айтылған. Видео авторының мәліметінше, әйел көшеде небәрі бір жарым келі ашытылған қырыққабат сатып отырғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Зейнеткердің сөзінше, ол саудаға қаржылық қиындыққа байланысты шыққан. Айтуынша, алған зейнетақысы небәрі 75 мың теңге, ал тапқан ақшасы күнкөріс пен үй жануарларын асырауға қажет болған.

Видео сипаттамасында учаскелік полиция инспекторы әйелді бөлімшеге апарып, «қайталанған құқық бұзушылық» негізінде 21 мың теңге көлемінде айыппұл салғаны көрсетілген. Сонымен қатар сол маңда дәл сондай сауда жасап отырған өзге адамдарға ешқандай шара қолданылмағаны айтылған.

Бұдан бөлек, бейнежазбада полиция қызметкерінің қызметтік көліктің рөлінде отырып телефонмен сөйлескені, қауіпсіздік белдігін тақпағаны және зейнеткерге дөрекі сөздер айтқаны көрінеді.

Желіде тараған сыннан кейін бұл іске қатысты Алматы қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.

«Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі. Тексеру нәтижесіне сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – деп хабарлады ведомство.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды