Щучинскідегі жарылыс: «Центр плова» кафесінің иесі ұсталды
Қайғылы жағдайдан кейін кафе иесіне қатысты іс қозғалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Щучинск қаласындағы дәмхананың өртіне байланысты қылмыстық іс бойынша иесі ұсталды. Тергеу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бақылауына алынды.
Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, Щучинск қаласында орналасқан «Центр плова» кафесі аумағында болған өрт дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігімен — «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан екі немесе одан да көп адамның абайсызда қаза табуына әкеп соғу» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Ведомствоның хабарлауынша, іс арнайы прокурорлардың өндірісінде. 2026 жылғы 2 наурызда Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес дәмхана иесі ұсталған. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар қылмыстық істің тергелу барысы орталық деңгейде бақылауда екені нақтыланды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Материал авторы