Трамп Ақ үйдегі кездесуде Германия канцлерін қалжыңдап ұрып жіберді (ВИДЕО)
Бұларға қатты соққы беруіміз керек дейді Трамп.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Германия канцлері Фридрих Мерцпен кездесуде күтпеген қимыл жасап, оны қалжың ретінде шапалақтап жіберді.
Оқиға Ақ үйде өткен ресми кездесу барысында болған. Әңгіме АҚШ пен Германия арасындағы сауда қатынастарына ауысқан сәтте Трамп залда отырған шенеуніктердің бірінен пікір сұрап, артынша:
«Германиямен қалай жұмыс істейміз? Меніңше, оларға өте қатты соққы беруіміз керек», – деп әзілдеген.
Осы сөзін «нақтылау» үшін президент жанында отырған Мерцтің тізесіне алақанымен жеңіл ғана соғып өтті. Германия канцлері бұл жағдайды күлкімен қабылдады, Трамп та жымиып отырды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші