Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч: Димаш Құдайберген жүрісті бастап берді

26.04.2023, 17:31
1157
Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч: Димаш Құдайберген жүрісті бастап берді smartnews.kz

Елордада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Динь Лижень арасындағы матчтың 12-ші партиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Аталған партияны әлемге белгілі әнші Димаш Құдайберген символикалық жүріс жасап, бастап берді. Кейін ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген өнер иесі матчқа қатысты өз пікірімен бөлісті.

«Осындай шараға шақырғанына өте қуаныштымын. Шетелден келген қонақтарға «қош келдіңіздер!» деп айтамын. Өзім шахмат ойнай қоймаймын. Бірақ бұл мен үшін үлкен мәртебе болды», - деді Димаш Құдайберген.

Видеодан алынған кадр

Регламентке сәйкес әлем чемпионы атағы үшін матч 14 партиядан құралған. Тең есеп тіркелген жағдайда 4 партиядан тұратын тай-брейк белгіленеді. Егер тай-брейкте де жеңімпаз анықталмаса, шахматшылар блицте шеберлік байқасады. Одан әрі «өлім партиясы» бар.

Шахматтан әлем чемпионаты Астанада 7 сәуір басталған болатын. Онда ресейлік Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен қытайлық Дин Лижэнь әлем чемпионы атағына таласып жатыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды