359

Жұманғарин жұбайының 88 млн теңгені қайдан тапқанын айтпады

Журналистер министрден қаражаттың қайдан келгенін сұрады.

Жұманғарин жұбайының 88 млн теңгені қайдан тапқанын айтпады
primeminister.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жұбайының декларациядағы 88 миллион теңгеден астам табысы туралы сұраққа жауап берді. Министр заң талаптарын толық орындағанын айтып, жасыратын ештеңесі жоқ екенін мәлімдеді.

Журналистер министрдің жұбайы бұл қомақты қаражатты қалай тапқанын нақтылауын сұрады. Жұманғарин өз жауабында:

«Егер адам декларация тапсырса, онда жасыратын ештеңе жоқ, дұрыс па?» – деді.

Сұраққа түсіндірме ретінде ол заңда декларация тапсыру және оны жариялау міндеттелгенін атап өтті. Егер заңда жұбайының табысының көзін ашу талап етілсе, министр оны түсіндіретінін жеткізді.

Министр журналистерге, декларацияны толтырып, жариялау арқылы заңда қарастырылған барлық рәсімді орындағанын тағы бір мәрте еске салды.

Материал авторы