Ұзынағаштағы зиратта тұрған ескерткішке балағат сөз жазып кеткен
Тарихи ескерткіш қорлағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысы әкімдігі Ұзынағаш ауылы аумағындағы зиратта орналасқан тарихи ескерткішке белгісіз адамдар балағат сөздер жазып кеткен.
Әкімдік баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Алматы облысы Жамбыл ауданында 2026 жылғы 2 наурызда тіркелген. Қорланған нысан – 1913 жылы 1860 жылғы Ұзынағаш шайқасына қатысқан жауынгерлердің құрметіне орнатылған ескерткіш.
Тарихи деректерге сәйкес, бұл шайқас кезінде жасақтарды патша армиясының қолбасшысы Герасим Колпаковский басқарған.
Аталған дерек бойынша материал Жамбыл аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 294-бабы 1-бөлігі («Вандализм») бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Аудан әкімдігі ескерткішке жазылған сөздерді өшіру және нысанды қалпына келтіру жұмыстарын бастап кеткен. Оқиға жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бақылауында.
Материал авторы