702

Англияда бастауыш мектептер жабылып жатыр

Англияда бастауыш мектептер жабылып жатыр. Енді бірі басқа білім ошақтарымен бірігуге мәжбүр. Бұған елдегі туу көрсеткішінің 17 пайызға төмендеуі себеп.

Англияда бастауыш мектептер жабылып жатыр
smartnews.kz

Сонымен қатар пандемия мен Брексит те кері әсерін тигізді. Ұлыбритания Еуро Одақ құрамынан шыққаннан кейін оған мүше елдердің азаматтары туған жерлеріне кетіп қалып, мектепке баратын бала саны азайған.

Әсіресе, Лондондағы жағдай қиын. Манчестер, Бристоль және Лидс қалаларындағы кейбір бастауыш мектептер де жұмысын тоқтатқан, деп жазады qazaqstan.tv.

Сарапшылар бірнеше жылдың ішінде бұл мәселе 6-шы сыныптан бастап білім беретін орта мектептер үшін де өзекті болады дейді.