Отандық компаниялар Иранға 60 млн доллардың өнімдерін экспорттайтын болады
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Иран Ислам Республикасына ресми сапары аясында 24-26 сәуір аралығында Тегеранда еліміздің үшінші сауда-экономикалық миссиясы өтуде, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
"QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы ұйымдастырған шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, азық-түлік, химия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және металлургия тауарларын өндіретін қазақстандық 20 компанияның, екі елдің бірлескен Сауда палатасының, Иранның Сауда-өнеркәсіп, тау-кен және ауыл шаруашылығы палатасының өкілдері, сондай-ақ ирандық тараптан 150-ден астам компания өкілдері қатысты.
Іскерлік кездесулер нәтижесінде Қазақстаннан Иранға тыңайтқыштар, май өнімдерін, ірі қара және ұсақ мал етін жеткізу бойынша $60 млн-нан астам сомаға экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.