284

Көкшетауда автобус есігі қыз баланы қысып қалды: Бала сүйегін сындырды

Автобустан түскен қыз есікке қысылып, жарақат алды.

Көкшетауда автобус есігі қыз баланы қысып қалды: Бала сүйегін сындырды
ЖИ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда автобус есігіне қысылып қалған қыз бала жарақат алып, ауруханаға түсті. Оқиға бойынша полиция тергеу бастады.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 3 наурыз күні Көкшетау қалалық полиция басқармасына 31 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, кәмелетке толмаған қызы автобус аялдамасының маңында жарақат алған.

Арызда көрсетілгендей, оқиға 3 наурыз күні шамамен сағат 12:00-де болған. Қыз бала маршруттық автобустан түсіп жатқан кезде жарақат алған.

Бұл дерек бойынша полицейлер бірден «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану талаптарын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері алдын ала тексеру барысында қыз баланың автобус есігіне қысылып қалғанын анықтаған. Соның салдарынан ол сүйек сынуы түріндегі жарақат алған.

Жедел іздестіру шаралары барысында автобус жүргізушісі анықталды. Ол – 65 жастағы ер адам. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалған, олардың нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор