206

«NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары 8 миллиард теңгеден астам грант иеленді

«NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша әлемнің беделді жоғары оқу орындарынан 300-ден астам қабылдау ұсынысын алып, жалпы сомасы 8 миллиард теңгеден (16 000 000 АҚШ долларынан) асатын білім гранттарына ие болды. Бұл көрсеткіш мектептің академиялық дайындық деңгейі мен халықаралық білім беру кеңістігіндегі жоғары бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.

«NURORDA» мектеп-лицейінің оқушылары 8 миллиард теңгеден астам грант иеленді
NURORDA

Атап айтқанда, мектеп түлектері АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Швейцария, Германия, Франция, Австралия, Қытай, Гонконг, Люксембург, Португалия, Чехия және Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші университеттерінен қабылдау ұсыныстарын алған.

Оқушылардың жеке жетістіктеріне тоқталатын болсақ, Айлара Беркинбаева 42 қабылдау ұсынысын иеленіп, жалпы сомасы 1 миллиард 400 миллион теңге (2,8 млн АҚШ доллары) көлеміндегі грантқа қол жеткізді. Амир Жанибек 36 қабылдау ұсынысын алып, 1 миллиард 500 миллион теңгеден (3 млн АҚШ долларынан) астам грант иегері атанды. Нурали Дженалаев 35 қабылдау ұсынысын иеленіп, 1 миллиард 250 миллион теңге (2,5 млн АҚШ доллары) көлеміндегі грантқа ие болды. Сардар Шерали 31 қабылдау ұсынысын алып, 1 миллиард 50 миллион теңге (2,1 млн АҚШ доллары) көлеміндегі грантқа қол жеткізді. Ал Айзере Азбергенова 20 қабылдау ұсынысын иеленіп, 750 миллион теңге (1,5 млн АҚШ доллары) көлеміндегі грантқа ие болды.

Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, бұл нәтижелер оқушылардың жүйелі дайындығы мен педагогикалық құрамның кәсіби жұмысының нақты көрсеткіші.

Сонымен қатар «NURORDA» мектеп-лицейі 2026–2027 оқу жылына 1–11 сынып оқушыларын қабылдау басталғанын ресми түрде хабарлайды.