631

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды

Алматыдағы ADD Үстел теннисі орталығында Қазақстан жасөспірімдер чемпионатының матчтары басталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты басталды
smartnews.kz

Командалық турнирде теннисшілер шағын топқа бөлініп ойнады. Одан үздік шыққан екі құрама финалдық сегіздікке еніп, медаль үшін таласып жатыр. Қыздар арасында: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстары.
Ұлдар арасында: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстары.