EGov.kz жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтерді уақытша тоқтатады

26.04.2023, 20:56
597
EGov.kz жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтерді уақытша тоқтатады smartnews.kz

5-9 мамыр күндері «Электронды үкімет» порталы мен eGov Mobile қосымшасында жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтер көрсетілмейді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Бірыңғай жылжымайтын мүлік мемлекеттік кадастрының жаңа жүйесіне көшу жөніндегі техникалық жұмыстарына байланысты биылғы 5-9 мамыр күндері eGov.kz және eGov Mobile порталдарында жылжымайтын мүлік қызметтері көрсетілмейді», - делінген egov.kz сайтында.

Бұл аралықта нотариустан тұрғын үй сатып алу-сату шартын және жылжымайтын мүлікке байланысты басқа да мәмілелерді рәсімдеу, тұрғын үйге меншік құқығын тіркеу, пәтерді ипотекаға сатып алу кезінде кепілді рәсімдеу, сондай-ақ кепілді тоқтату, заңды талаптар мен бұғаттау, пәтерде тіркелу, жылжымайтын мүлік нысандарын техникалық тексеру, жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы барлық мәліметтерді сұрау қызметі уақытша тоқтатылады.⠀

Сонымен қатар аталған қызметтер биылғы 5-9 мамыр аралығында Халыққа қызмет көрсету орталықтарында да қағаз түрінде қолжетімді болмайды.

«Аталған күндері нотариустар, салық, екінші деңгейлі банктер және ҚР Әділет министрлігінің Атқарушылық іс жүргізу органдары жүйелерінде жылжымайтын мүлікті рәсімдеуге және техникалық тексеруге құжаттарды қабылдау тоқтатылады», - деп жазылған хабарламада.

Айта кеткен жөн, 2023 жылдың 5 сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды. Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕАҚ» жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін іске қосады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді