Құрлық әскерлерінде тактикалық-атыс дайындығының жаңа жүйесі енгізілуде

06.03.2026, 12:33
200
Құрлық әскерлерінде тактикалық-атыс дайындығының жаңа жүйесі енгізілуде Қорғаныс министрлігі

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының полигондарында тактикалық-атыс даярлығынан нұсқаушыларға арналған алғашқы ауқымды курстар аяқталды. Мұндай мамандарды оқыту – Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру кезеңдерінің бірі.

Курстар бөлімшелердің қимыл-қозғалыс әрекеттеріне және қаруды кешенді қолдануға негізделген ұрыс жүргізудің заманауи әдістерін енгізуге бағытталған.

Соңғы кездегі қарулы қақтығыстардың тәжірибесі тұрақты позициялардан классикалық атыс жүргізу жаттығулары біртіндеп оқытудың күрделі және динамикалық түрлеріне ойысып бара жатқанын көрсетеді. Қозғала жүріп ату дағдыларын дамытуға, бөлімше құрамындағы өзара іс-қимылға, шұғыл шешім қабылдауға және тез өзгеретін жағдайға бейімделуге басымдық беріледі.

Жаңа стандарттарды енгізу мақсатында әскерлерде нұсқаушылар корпусы құрылды. Оның құрамына арнайы іріктеу мен оқудан өткен тәжірибелі әскери қызметшілер кірді. Олардың міндеті – әскери бөлімдердің жеке құрамына тактикалық және атыс дайындығының заманауи әдістемелерін үйрету.

Курстар барысында болашақ нұсқаушылар оқытудың озық әдістерін, яғни ұрысқа барынша жақын жағдайда іс-қимылды практикада пысықтаумен тығыз байланысты теориялық дайындығын зерделеді. Қимылдай жүріп ұрыс жүргізу машығын дамытуға бағытталған кешенді жаттығуларды орындауға жіті назар аударылды.

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаевтың айтуынша, нұсқаушылар әскери қызметшілерді даярлау жүйесіндегі негізгі буын болуы тиіс.

– Тактикалық  атыс дайындығы нұсқаушыларының негізгі міндеті – жеке құрамды дұрыс атуға ғана емес, сонымен қатар құбылмалы жағдайға бейімделе отырып, тактикалық мақсатқа жету үшін қаруды сауатты қолдануға үйрету. Нұсқаушылар әскери бөлімдердегі теория, жауынгерлік машық пен тәжірибе арасындағы байланыстырушы буын болмақ, – деді ол.

Оқудан өткен мамандар қазірдің өзінде әскерлердегі жұмысын бастап кетті. Олар әскери қызметшілерді қимыл-қозғалыста атыс жүргізуді, қарудың кешігуін болдырмауды, одан өзге бөлімше құрамындағы өзара іс-қимылды қамтитын кешенді жаттығуларды орындауға дайындауы керек.

Нұсқаушы корпусын құру Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлау жүйесін одан әрі жетілдірудің маңызды элементі ретінде қаралады. Жаңа тәсілдерді іске асыру әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін және олардың қазіргі заманғы ұрыс ахуалында міндеттерді орындауға әзірлігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды