«Жылағым келіп тұр»: Дубайда қалып қойған Жанболат пен Жазира аман-есен елге оралды

Аиса Махамбет Редактор
06.03.2026, 13:35
398
«Жылағым келіп тұр»: Дубайда қалып қойған Жанболат пен Жазира аман-есен елге оралды instagram.com/zhazira_bairbekova

Жанболат пен Жазира отбасымен бірге елге келді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты елге қайта алмай қалған әншілер Жанболат Ерболатов пен Жазира Байырбекова Астанаға аман-есен оралды.

Жұлдызды жұп қуанышты жаңалықты әлеуметтік желіде бөлісті. Олар Дубайдан Маскатқа, содан кейін Ыстамбұл арқылы елге жеткен. Әнші жазбасында:

«Аллаға шүкір, елімізге аман-есен оралдық. Барлығы Алланың қалауымен болды. Әр кез тілекші болып, уайымдап хабарласып жатқан барша жанға үлкен рақмет. Алла баршамызды амандықта, тыныштықта ұстасын», – деп атап өтті.

Видеодан олардың ұлы мен келіні, кенже қызы және отбасы мүшелерімен бірге елге қайтқаны көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін жұп Дубайға демалуға барған, бірақ барлық әуе рейстерінің тоқтатылуына байланысты елге орала алмай қалғаны хабарланған болатын.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды