SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысының Бестөбе кентінде тағы бір адам шахтада қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, заңсыз алтын іздеумен айналысқан ер адам шахтаға құлап, өмірге қауіпті жарақат алған.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеушілер қаза тапқан адамның кім екенін анықтап, қайғылы жағдайдың мән-жайын тексеріп жатыр.
Бестөбе аумағында мұндай оқиғалар алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Бұған дейін, биыл қаңтар айында да «Новая» шахтасының 610-шы деңгейінде 35 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Тергеу мәліметінше, ол шахта аумағына заңсыз кірген. Кейін марқұмның Степногорск қаласының тұрғыны екені анықталған.
Осы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу бастаған.
RUS