368

«Мынау тазы емес, қазы ғой»: Семірген тазы иттің видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)

Артық салмақ жинаған тазы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

«Мынау тазы емес, қазы ғой»: Семірген тазы иттің видеосы желіні шулатты (ВИДЕО)
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде ерекше бір бейне қызу талқыланып жатыр. Кадрларда қазақы аңшы иті — тазының әбден семіріп кеткені көрсетілген. Видео авторы иттің ерекше «толысқан» күйін көрсеткен сәтте желі қолданушылары әзіл мен алаңдаушылықты араластырған мыңдаған пікір қалдырды.

Кадрлардан көрінгендей, иесінің ерекше күтіміне түскен ит кәдімгі тазыдан гөрі әлдеқайда ірі көрінеді. Сол себепті желіде әзіл-қалжың бірден көбейіп кетті. Кейбір қолданушылар иттің сыртқы келбетіне қарап:

«Мынау тазы емес, қазы ғой», «Аяқ күні бірде-бір рет өтпейді екен», «Тазыға мүлде ұқсамайды» деген сарында пікір жазған.

Тіпті кейбірі видеоны адамдардың өз дене бітімімен салыстырып, «жігіттер, формада жүріңдер, әйтпесе сырт көзге дәл осылай көрінесіңдер: қарын үлкен, аяқ жіңішке» деп қалжыңға айналдырған.

Алайда пікір білдірушілердің бәрі бірдей мұны әзіл ретінде қабылдамаған. Бірқатар қолданушы иттің денсаулығына алаңдаушылық білдірді. Олардың айтуынша, мұндай артық салмақ жануар үшін қауіпті болуы мүмкін. Кейбірі «бұл итке жасалған қиянат», «жануар үшін мұның еш пайдасы жоқ» деп жазған.

Осылайша бір ғана бейне әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызды: біреулер үшін бұл — көңілді әзіл, ал енді біреулер үшін — жануарға жасалған орынсыз тәжірибе.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор