302

Әзербайжан президенті Тоқаевқа дрон шабуылын сынағаны үшін алғыс айтты

Тоқаев Нахичевань әуежайына жасалған дрон шабуылын қатаң айыптады.

Әзербайжан президенті Тоқаевқа дрон шабуылын сынағаны үшін алғыс айтты
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахичевань әуежайына жасалған шабуылға байланысты білдірген ұстанымы үшін алғыс айтты. Бұл туралы Әлиев әлеуметтік желідегі X парақшасында жазды.

Әзербайжан басшысы Қазақстан президентінің Нахичеваньға жасалған шабуылды айыптағанын және Бакуге қолдау білдіргенін жоғары бағалайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл қадам екі ел арасындағы бауырластық әрі одақтастық қатынастардың айқын көрінісі.

«Нахичеваньға Иран мемлекеті тарапынан жасалған шабуылдарды айыптағаны және елімізді қолдағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін. Бұл — Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы бауырластық және одақтастық рухының көрінісі», — деп жазды Әлиев.

Бұған дейін Нахичевань қаласындағы әуежайға ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасағаны хабарланған еді. Осы оқиғаға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев өз ұстанымын жариялады.

Қазақстан президенті бұл әрекетті бауырлас әрі одақтас Әзербайжанға қарсы жасалған қадам ретінде қатаң айыптады.

Сонымен қатар мемлекет басшысы оқиғаны Иранмен бірлесіп жан-жақты тергеу қажет екенін айтты. Тоқаев аймақтағы жағдайдың ушығып кетуіне жол бермеу үшін туындаған дауды дипломатиялық тәсілдер арқылы реттеуге үміт білдірді. 

Материал авторы