Иран көрші елдерге соққы беруді тоқтататынын мәлімдеді
Иран президенті көрші мемлекеттерден кешірім сұрады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Иран билігі көрші мемлекеттерге қарсы әскери соққыларды тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл туралы ел президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеді.
Оның айтуынша, Иранның Уақытша басшылық кеңесі Таяу Шығыс елдерінің аумағына жаңа шабуылдар жасамау туралы қаулы қабылдаған. Алайда бұл шешімнің бір шарты бар — егер сол мемлекеттердің аумағынан Иранға қарсы шабуыл жасалмаса, Тегеран да соққы бермейді.
«Көрші елдерден кешірім сұраймын. Кеше Уақытша басшылық кеңесі көрші мемлекеттерге қарсы шабуылдар мен зымыран ұшыруды тоқтату туралы шешім қабылдады. Егер олардың аумағынан Иранға қарсы шабуыл болмаса, біз де әскери әрекетке бармаймыз», — деді Пезешкиан.
Иран президенті елдің көршілеріне қатысты агрессиялық ниеті жоқ екенін атап өтті. Сонымен қатар ол қарсыластарына Тегеранның толықтай тізе бүгуін күтпеу керектігін ескертті.
Пезешкианның айтуынша, Иран халықаралық құқық нормаларын, сондай-ақ гуманитарлық қағидаларды сақтайтынын мәлімдейді. Оның сөзінше, дәл осы қағидаларға қарсы тарап та жиі сілтеме жасайды.
Материал авторы