272

Дубайда дрон сынықтары көлікке құлап, жүргізуші қаза тапты

Дрон әуе нысанасын қағып түсіру кезінде бөлшектенген.

Дубайда дрон сынықтары көлікке құлап, жүргізуші қаза тапты
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі Дубай қаласында дронның сынықтары көлікке құлап, бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға Дубайдың Аль-Барша ауданында болған. Әуе нысанасын қағып түсіру кезінде ұшқышсыз ұшу аппараты бөлшектеніп, оның қалдықтары жерге құлаған. Сол сәтте бөлшектердің бірі жолда келе жатқан көліктің үстіне түсіп, жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.

Оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде Дубайдағы зәулім ғимараттардың бірінде болған өрт туралы бейнелер тарады. Куәгерлер түсірген кадрларда биік ғимараттардың бірінен қою түтін көтерілгені байқалады.

Иранның мемлекеттік телеарнасы бұл ғимаратта Израиль мен АҚШ қарулы күштеріне қатысты нысан орналасқан болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор