Жаңаөзенде жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
Chevrolet Cobalt жүргізушісі рұқсатсыз жолға шығып апатқа ұшырады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жаңаөзен қаласында, Асау Барак көшесінде, «Hyundai» автоорталығының жанында жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан бірнеше адам жарақат алды. Бұл туралы Lada.kz жазды.
Алғашқы мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі озып кетпек болғанда қарсы бағыттағы Toyota Hilux көлігімен соқтығысты.
«Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде Chevrolet Cobalt жүргізушісі мен екі жолаушы әртүрлі жарақаттар алып, травматология және реанимация бөлімшелеріне жеткізілді. Toyota Hilux жолаушысының тек медициналық тексерісінен кейін үйіне қайтарылды. Сараптама жүргізгенде, Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісінің рұқсаты болмағаны анықталды», — деп хабарлады полиция.
Қазіргі таңда Жаңаөзен полициясы оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Материал авторы