Щучинскідегі дәмханада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті

09.03.2026, 11:47
276
Щучинскідегі дәмханада болған жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті әлеуметтік желіден

Ауыр хәлдегі тағы екі науқас ауруханада қайтыс болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысы Щучинск қаласындағы «Центр плова» дәмханасында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек айтып берді.

Оның айтуынша, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ауыр жағдайда жатқан тағы екі науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

— 8 наурызда «Авиценна-Бурабай» стационарының жансақтау бөлімінде жатқан науқас көз жұмды. Ал 9 наурыз күні Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында ем алып жатқан тағы бір науқас қайтыс болды, — деді басқарма басшысы.

Денсаулық сақтау басқармасы өңір дәрігерлері зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін күресті жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Медициналық көмек барлық қажетті кадрлық және техникалық ресурстарды тарта отырып көрсетіліп жатыр.

Еске салсақ, 26-27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы дәмханада газ баллоны жарылған. Алғашында алты адамның қаза тапқаны хабарланған. Кейін құрбандар саны тоғызға жеткен.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, «Центр плова» дәмханасының иесі ұсталды. 4 наурыз күні сот шешімімен ол екі айға қамауға алынған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды