789

Ақтауда элиталық тұрғын үйдің терезесіне ет іліп қойған

«Ханшайым» тұрғын үй кешенінде тосын көрініс жұртты таңғалдырды.

Ақтауда элиталық тұрғын үйдің терезесіне ет іліп қойған
Lada.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтаудың 19-шағынауданында орналасқан «Ханшайым» элиталық тұрғын үй кешенінің ауласында тұрғындар тосын көрініске куә болды. Кейбір пәтер иелері етті кептіру үшін оны терезе торларына іліп қойған. Бұл туралы Lada.kz жазды.

Фотосуретті тұрғын Талғат үйдің №20 маңында түсірген. Оның айтуынша, ет ауладан өткен адамдардың көз алдында ілініп тұрған.

«Көшеден өткендердің бәрі көріп тұр. Тіпті жергілікті тұрғындардың өзі таңғалды. Өйткені бұл – элиталық тұрғын үй», — дейді ол.

Қандай ет екені нақты көрсетілмеген. Алайда көрініс куәгерді бір жағынан таңғалдырса, екінші жағынан күлкі шақырған.

«Шынымды айтсам, шок болдым. Тіпті тәбет ашылады», — дейді автор.

Желіде тараған сурет қызу талқыланып, қолданушылар тұрғындар аулада «үй жағдайындағы деликатес дайындайтын шағын цех ашып алған» деп әзілдеді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор