380

Астанадағы айналма жолда көліктер жаппай соғысты (ВИДЕО)

Қатты боран салдарынан Астананың айналма жолында ірі жол апаты болды.

Астанадағы айналма жолда көліктер жаппай соғысты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін таңертең сағат 09:00 шамасында Астананың айналма жолында үш автокөліктің қатысуымен жаппай жол апаты орын алды.

«Ұлттық компания «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің мәліметінше, апатқа себеп боран және трассаның нашар көрінуі болды.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері келіп, жолды бақылауға алды.

Жүргізушілерге ауа райы нашар болған жағдайда жылдамдықты азайту және қауіпсіз қашықтықты сақтау ескертілді.

Материал авторы