306

Астанада LRT құрылысынан құлаған мұз көліктің әйнегін шағып тастады

Мұз кесектері көліктің алдыңғы әйнегін шағып кеткен.

Астанада LRT құрылысынан құлаған мұз көліктің әйнегін шағып тастады
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласының тұрғыны жеңіл рельсті көлік желісінің конструкциясынан құлаған мұз оның автокөлігіне зақым келтіргенін мәлімдеді. Ер адамның айтуынша, мұз кесектері көліктің үстіне түсіп, алдыңғы әйнегін жарып жіберген.

Ол бұл жағдай туралы әлеуметтік желіде жазып, оқиғаның Astana LRT құрылысы жүріп жатқан аумақтың жанында болғанын айтқан.

Жобаға жауапты компания өкілдері оқиғаны қарастырып, бас мердігер көлік иесіне келген шығынды толық өтегенін хабарлады.

Сонымен қатар ұйым өкілдері осыдан кейін LRT желісіндегі конструкциялардың жағдайына бақылау күшейтілгенін мәлімдеді. Әсіресе мұз қату мен мұздақтың жиналуына жол бермеу үшін тұрақты тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Компания мәліметінше, LRT пайдалануға берілгеннен кейін желі өткелдерінде тұрақты түрде плюстік температура сақталмақ. Бұл мұз бен сүңгілердің пайда болуына жол бермеу үшін қарастырылған.

Материал авторы