464

Оңтүстік Кореяда өрттен кейін жоғалған қазақстандықтың сүйегі табылды

Оңтүстік Кореяда із-түзсіз кеткен қазақстандықтың қалдықтары табылған.

Оңтүстік Кореяда өрттен кейін жоғалған қазақстандықтың сүйегі табылды
en.yna.co.kr

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Корея аумағында болған өндірістік өрттен кейін хабар-ошарсыз кеткен Қазақстан азаматына қатысты жаңа дерек шықты. Іздестіру жұмыстары барысында адамның сүйек қалдықтары табылып, сараптамаға жіберілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, табылған қалдықтар қазір сараптамадан өтіп жатыр. Нәтижесі шыққан соң нақты ақпарат жарияланып, марқұмның туыстарына хабар беріледі.

«Қазіргі уақытта сараптама қорытындысы әзірге дайын емес. Корея тарапы ресми ақпарат ұсынған бойда туыстарына хабарланады», – деді Жетібаев.

1 ақпанда Оңтүстік Корея еліндегі зауыттардың бірінде ірі өрт шыққан. Төтенше жағдай кезінде екі шетелдік жұмысшы із-түзсіз кеткені хабарланған.

БАҚ мәліметінше, жоғалғандардың бірі – 50 жастағы Қазақстан азаматы болған.

Өрт шыққан сәтте кәсіпорында барлығы 83 адам болған. Олардың 81-і дер кезінде эвакуацияланып, аман қалған. Ал екі жұмысшының тағдыры ұзақ уақыт белгісіз болып келген. 

Материал авторы