461

Астананың қақ ортасында дәрет сындырған шетелдіктерге Қазақстанға 5 жылға кіруге тыйым салынды

Оқиға Достық көшесіндегі мекемелердің бірінің жанында болған.

Астананың қақ ортасында дәрет сындырған шетелдіктерге Қазақстанға 5 жылға кіруге тыйым салынды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Астана қаласының ортасында түсірілген видео тарады. Кадрларда шетелдік азаматтың күндізгі уақытта қоғамдық орында, Достық көшесіндегі мекемелердің бірінің жанында дәрет сындырғаны көрінеді.

Оқиғаға байланысты Астана қалалық полиция департаменті тексеру жүргізіп, тәртіп бұзғандардың кім екенін анықтады. Олар 35 және 49 жастағы екі шетелдік азамат болып шыққан.

Алайда олардың жеке басы анықталған кезде бұл адамдар Қазақстан аумағынан шығып кеткені белгілі болды.

Соған қарамастан, құқық қорғау органдары тәртіп бұзушыларға қатысты шара қабылдаған. Оларға Қазақстан аумағына бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бұл жағдай жөнінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ресми түрде хабарлаған. Ведомство тиісті дипломатиялық шараларды қабылдауы тиіс.

Полиция өкілдері Қазақстан аумағында жүрген кез келген адам, азаматтығына қарамастан, қоғамдық тәртіп пен мінез-құлық нормаларын сақтауға міндетті екенін еске салды.

Материал авторы