Маңғыстауда теңіз суын тұщылайтын 9 зауыт салынады

27.04.2023, 14:57
811
Маңғыстауда теңіз суын тұщылайтын 9 зауыт салынады smartnews.kz

2025 жылы Маңғыстауда ауыз су тапшылығы тәулігіне 100-110 мың текше метрге жетуі мүмкін. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оның айтуынша, Маңғыстау облысында су құбыры желілері жүргізілген, бірақ тұщы су тапшылығы бар.

«Бүгінгі таңда аймақ негізінен «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры және тұщыланған теңіз суы арқылы қамтамасыз етіледі. Олардың жиынтық қуаты - тәулігіне 164 мың текше метр. Жазғы кезеңде ауыз су тапшылығы тәулігіне – 50 мың текше метрге жетеді. Өңірдің даму деңгейін ескере отырып, суға қажеттілік 2025 жылға қарай тәулігіне 100-110 мың текше метр болады деген болжам бар», - деді Ә. Пазылбекұлы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл мәселені шешу үшін 9 тұщыландыру зауытын салу бойынша ірі жобалар жоспарланған.

«Қазір біздің министрліктің бюджеттік бағдарламасы аясында Ақтау қаласындағы «Каспий» тұщыландыру зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін кеңейту жобасы іске асып жатыр. Жоба биыл жыл соңына дейін аяқталады. Сондай-ақ, биыл Форт-Шевченко қаласында тұщыландыру зауытының құрылысына 4,2 млрд теңге және Ақтау қаласында қуаты тәулігіне 24 мың текше метр болатын «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС аумағында орналасқан зауыт құрылысына 10 млрд теңге бөлінді», - деді комитет өкілі.

Бұдан бөлек, биыл жеке инвестиция есебінен «Қаражанбас» кен орнында қуаты 17 мың текше метр зауытын аяқтау жоспарланып отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды