Қазақстан мен Қырғыз Республикасының өзара құқықтық көмек көрсету шартына өзгертулер енгізілді

27.04.2023, 15:09
562
Қазақстан мен Қырғыз Республикасының өзара құқықтық көмек көрсету шартына өзгертулер енгізілді jjtv.kz

Парламент Сенаты Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Назарларыңызға «1996 жылғы 26 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ұсынылып отыр. Аталған шарт 1997 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған. Заң тараптар арасында көрсетілетін азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмектің тәртібі мен талаптарын нақтылауға және екі ел азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған», - деді сенатор Нұрлан Бекназаров.

Сондай-ақ, Сенат депутаты шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды атап берді.

«Шарттың тиісті бабына өзара құқықтық көмек көрсету кезіндегі қатынастарды жүзеге асыратын құзыретті органдарды айқындауды және ол жайында дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін хабардар етуді көздейтін өзгеріс енгізу. Екі мемлекеттің қолданыстағы заңдарындағы өзгерістерге байланысты «сот шешімдері» терминіне қосымша «сот бұйрығы» түсінігін енгізу арқылы, сот шешімдерін орындау және берешектерді өндіріп алу мәселелеріне қатысты рәсімдерді реттеу. Сондай-ақ, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты құзырет Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына берілуіне байланысты шарттың 28-бабының күшін жою ұсынылып отыр. Сонымен бірге, ішкі істер органдары құзыретінің алып тасталуына байланысты шарттың тиісті бабына түзетулер енгізілген. Ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар шарттың әрекет етуі мен құқықтық қатынастарды реттеу мүмкіндіктерін кеңейтеді», - дейді ол.

Оның айтуынша, ресми мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы Қырғызстан тарапынан құқықтық көмек көрсету жөнінде 373 сұраныс, біздің елімізден Қырғызстан Республикасының құзырлы органдарына 304 сұраныс жолданған. Екіжақты сұраныстардың басым бөлігі қанағаттандырылған.

«Сондықтан да, аталған Шарт азаматтарға шетелде кейбір жағдайлар туындаған кезде қажетті құжаттарын рәсімдеу мен қол жеткізу тұрғысынан өте маңызды. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңына сәйкес хаттама ратификациялауға жатады. Хаттаманы ратификациялау Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарына құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді. Сенат комитеттерінен заң бойынша ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ», - деді Н. Бекназаров.

Талқылау нәтижесінде Сенат депутаттары бір ауыздан Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы қолдап, ратификациялады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды