363

Әлемде мұнай қымбаттап жатыр: Қазақстандағы бензин бағасына не болады?

Министр бензин бағасы әлемдік өсімге қарамастан тұрақты екенін айтты.

Әлемде мұнай қымбаттап жатыр: Қазақстандағы бензин бағасына не болады?
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжіліс қабырғасында журналистерге мұнай нарығындағы соңғы жағдай мен оның Қазақстандағы бензин бағасына ықпалы туралы пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, әлемдік мұнай нарығы өте құбылмалы.

«Әр таң сайын баға өзгеріп отырады. Мысалы, шарықтау $119 болған, қазір баға шамамен әр баррель $87», – деді Аккенженов.

Министр Парсы шығанағындағы мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдардың әлемдік бағаға әсер еткенін атап өтті.

«Физикалық түрде нарыққа мұнай аз түсті, сондықтан баға тұрақты тұр. Болашақтағы баға өсімі жаһандық қақтығыстың қалай өрбитініне байланысты болады», – деді ол.

Ақкенженов Қазақстандағы бензин бағасының қазіргі кезде әлемдік құбылыстарға қарамастан тұрақты екенін айтты.

«Қақтығыстың қалай дамитынын болжау мүмкін емес. Бұл Парсы шығанағы мен АҚШ-та бензин бағасына әсер етіп жатыр, ал Қазақстанда жоқ», – деп түсіндірді министр.

Қазақстандық жүргізушілер мен жанармай саласындағы сарапшылар әлемдік нарықтағы өзгерістерді бақылап отыр, бірақ ел ішінде бензин бағасы әлі тұрақты деңгейде қалып отыр. 

Материал авторы