Қазақстанда су құбыры желілері 43% тозған

27.04.2023, 15:42
474
Қазақстанда су құбыры желілері 43% тозған smartnews.kz

Өткен жылы Қазақстандағы ауыз судың 28 мың сынамасы тексерілді және 3,9%-ы нормативтік талаптарға сай келмеген, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы айтты.

«Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2022 жылы республика бойынша санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 26 670 сынама зерттелді, оның 1 028 немесе 3,9%-ы нормативтік талаптарға сәйкес келмеді. Микробиологиялық көрсеткіштерге 28 764 сынама зерттелсе, 1 007 немесе 3%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді», - деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Жеткізілетін су сапасының төмендігінің бір себебі – су құбыры жүйесінің тозуы. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, елдегі су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 98 мың шақырым болса, оның тозу деңгейі – 43%.

«Осыған байланысты, тұрғындарға жайлы өмір жағдайларын жасау мақсатында жаңа желілерді салудан басқа, тозған желілерді қайта құру және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 1,8 мың шақырымы қайта жаңартылды», - деді Ә. Пазылбекұлы.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады